Түркістан
EN

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылды

108
11.12.2025

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты кеше кешкі уақыттан бастап барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Түркістан облысында Шмкент-Тараз тас жолының Алматы бағытындағы бөлігі жабық. Ал, өңірдің полиция департаменті қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Тәртіп сақшылары қар құрсауында қалғандарға дер кезінде көмек көрсетіп үлгерді. Оларды қауіпсіз жерге жеткізді. Көліктерді шығару үшін арнайы техника да жұмылдырылған.