Түркістан
EN

Түркістанда «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті

63
10.12.2025

Түркістанда «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті. Экологиялық бастамаға өңір колледждерінің студенттері белсенді атсалысты. Жастар қала көшелерін тұрмыстық қалдықтардан тазартып, флешмоб ұйымдастырды. «Eco Action» атты челленджді әлеуметтік желіде таратып, оны облыстағы барлық аудан-қала жастарына жолдады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның басты мақсаты — экологиялық мәдениетті қалыптастырып, жастардың табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін арттыру.