9-шы желтоқсан күні түнгі уақыттан бастап ауа-райының нашарлауына байланысты Жамбыл облысымен шекаралас Түркістан облысы Машат ауылы жол учаскесінде жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды. Түркістан облысының полициясы жүргізушілерді барынша мұқият болуға, жылдамдық режимін қатаң сақтап, асығыстық танытпауды ескертеді.