Түркістан
EN

Қазақстанда 30 мыңнан астам жұмыс орны құрылады

59
10.12.2025

Елімізде алдағы екі жылда ірі индустриялық инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы 30 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Бұл Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру және өңдеу өнеркәсібін дамыту жөніндегі тапсырмалары аясында жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта 20 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік беретін ірі жобаларды жүзеге асыру қолға алынды. Жобалар шикізат экспортына тәуелділікті азайтып, қосылған құны жоғары өнім өндіруге бағытталған. Индустриялық бастамалар химия, металлургия және құрылыс материалдары салаларын қамтиды. Атап айтқанда, Жамбыл, Түркістан, Қарағанды, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында тыңайтқыштар, болат, темір және химиялық өнімдер өндіретін жаңа зауыттар іске қосылады. Үкімет жобаларды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, қаржылық қолдау және инвестициялық климатты жақсарту бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.