Сайрам ауданының Қарабұлақ ауылында 3х3 баскетболдан ұлдар мен қыздар арасындағы ауылдық командалар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Төрт жас санаты бойынша ұйымдастырылған спорттық сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 90-ға жуық команда мен 200-ден астам спортшы қатысты. Арнайы шақыртуымен чемпионат ойындарын қызықтаған ҚР баскетболдан мемлекеттік жаттықтырушысы Иван Гайна Түркістан облысында 3х3 баскетболының даму қарқыны жоғары екенін атап өтті. Ол сайыс барысындағы ауыл жастарының ойын өрнегін сараптап, олардың болашағынан зор үміт күттіретінін жеткізді