Түркістан облысының денсаулық сақтау саласында заң бұзушылық анықталды

13
09.12.2025 17:53

 Түркістан облысының денсаулық сақтау саласында заң бұзушылық анықталды. Тергеу мәліметінше, Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының бұрынғы бас дәрігері  газ жүйесіне арналған құрылғыларды сатып алу кезінде бюджетті талан-таражға салған. Ол сатып алуды әдейі бірнеше бөлікке бөліп, ондаған келісімшартта соманы ұлғайтып көрсеткен. Бұл схеманы жүзеге асыру үшін іске танысын тартып, оның атына тіркелген және туыстары мен таныстарына рәсімделген компанияларды пайдаланған. Сол фирмалар арқылы қолдан қымбаттатылған коммерциялық ұсыныстар жасалып, қағаз жүзінде қажетті заттарды сол компаниялар жеткізіп бергендей етіп рәсімделген.  Бірақ жабдықты мүлдем басқа ұйым әкеліп бергені анықталды. Қазір іс бойынша тергеу жалғасуда.