Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы жұбайы аса ірі көлемде ақша жымқырды деген күдікке ілінді. Нақтыласақ 747 млн теңге. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді. Хабарламада Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының лауазымды тұлғалары мен «Ария-Жаңа-Астана» басшылығына, оның ішінде Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқандығы жазылған. Олар орындалмаған құрылыс монтаждары үшін төленген 747 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталып отыр. Ал аталған оқиғаға қатысты өзге ақпараттарды жария етуге тыйым салынған. Еске салсақ, Гүлмира Сатыбалды 18 наурыз күні 2 айға қамауға алынған еді.