Су ресурстары және ирригация министрлігі Азия даму банкімен ынтымақтастық меморандумға қол қойды

14
09.12.2025 17:51

Су ресурстары және ирригация министрлігі Азия даму банкімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат инвестиция тарту, инфрақұрылымды жаңғырту, кадр даярлау, тәжірибе алмасу және техникалық көмек көрсету секілді бағыттарды қамтиды. Сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыру мен олардың орындалуын үйлестіру орталықтарын құру қарастырылған. Кездесуде Қазақстанның Азия даму банкінің  «Мұздықтардан фермаларға» бағдарламасына қатысуы да сөз болды. Бағдарлама мұздықтарды сақтау және ирригация жүйелерін жетілдіру арқылы климаттық тұрақтылықты арттыруды көздейді.