Түркістан қаласында қысқы маусымға дайындық жұмыстары аяқталды. Жалпы қар тазалау және көктайғақтың алдын алу жұмыстарына 52 арнайы техника мен 550 қызметкер тартылмақ. Бүгінгі таңда шаһардағы көшелердің 66 пайызына асфальт төселген. Бұл жолдардың жалпы ұзындығы 845 шақырым. Қазіргі уақытта қажетті инертті материалдар қоры жеткілікті.Магистральды көшелерді қардан тазалау жұмыстары үш бағыт бойынша жүзеге асырылады.Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы коммуналдық қызмет мекемелерінің жұмыс базаларын аралап, техникалардың жарақтандырылуы мен дайындығын тексерді. Қысқы кезеңде жедел әрекет ету шараларының нақты жоспарын пысықтап, жауапты мекемелерге дайындықты күшейтуді тапсырды.