Түркістан
EN

Сенат депутаттары Түркістан облысындағы агроөнеркәсіп кешендерімен танысты

118
08.12.2025

Сенат депутаттары Түркістан облысындағы агроөнеркәсіп кешендерімен танысты. Халық қалаулылары мен жергілікті атқарушы билік өкілдері Келес, Шардара аудандарында болды. Олар бірінші Келестегі жылына 27 мың тонна көкөніс шығаратын кешеннің жұмысын көрді. Мұндағы негізгі өнім – қызанақ. Алдағы уақытта қызанақтың қос бірдей сортын қатар өсіру жоспарланып отыр. Комитет мүшелері Шардарада келер жылы іске қосылатын жүгеріні терең өңдейтін зауытқа  да барды.  Онда жылына 150 мың тонна жүгері терең өңделіп, крахмал өндіріледі. Қазір құрылыс жұмыстарының айтарлықтай бөлігі аяқталған.