Су ресурстарын тиімді пайдалану және ауыл шаруашылығын дамытуға кешенді шаралар күшейтілді

11
08.12.2025 18:32

 Түркістан облысында келер жылғы вегетация кезеңіне дайындық басталды. Трансшекаралық су көлеміне қатысты болжамдар ескеріле отырып, ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егуге шектеулер енгізіледі. 10 миллиард текше метр су болжамына сәйкес дақыл лимиттері қайта есептеліп, бақылауға алынады.