Заңсыз диплом әзірлейтін 20 сайт анықталды

15
05.12.2025 17:20

Елімізде жалған диплом алу жәйттерін болдырмау үшін  арнайы бірыңғай база құрылды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады. Жаңа жүйе бойынша енді жоғары білім туралы дипломға бірегей нөмір мен QR-код беріледі. Мәліметтер базасына тек ресми тіркелген университет қызметкерлері қол жеткізе алады. Жұмыс берушілер де дипломның түпнұсқалығын өздері тексере алады — ол үшін epvo.kz сервисіне кіру жеткілікті. Министрлік Ішкі істер министрлігімен бірлесіп жалған диплом дайындау фактілерін тұрақты бақылауда ұстайды. Қазірге дейін 46 жалған диплом мен оларды жасаумен айналысқан 20 интернет-ресурс анықталған. Қылмыстық кодекске сәйкес, жалған құжат жасағандар екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе айыппұл төлеуі мүмкін.