Елімізде "Қауіпті жүргізуші" жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр

17
05.12.2025 17:19

Елімізде "Қауіпті жүргізуші" жедел іс-шарасы өтіп жатыр. Ол биылғы жылдың 7 желтоқсанына дейін жалғасады. Мақсаты жолдарда заң пен тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтарды тоқтату  және жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Осы кезеңде республикалық, облыстық және аудандық маңыздағы жолдарда автопатрульдер саны артқан. Басты  назар  жол қозғалысы ережелерін бұзатын жүргізушілерге, заңсыз тасымалдаумен айналысатын тұлғаларға, сондай-ақ жауапкершіліктен жалтаруға тырысатын адамдарға аударылған.