Бүгін Түркістанда алдағы вегетациялық кезеңге дайындық барысы және ауылшаруашылығы дақылдарынын eгic алқаптарын әртараптандыру, сондай-ақ «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы бойынша жиын өтті. Басқосуға ҚР Премьер министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев, облыс әкімі және ҚР су ресурстары және ирригация министрі қатысты. Нұржан Нұржігітов сөз барысында келер жылы да елімізде ағын судың жетіспеушілігі болжанып жатқанын айтты. Осыған байланысты Үкімет тарапынан осы жұмыстарды жүйелендіру үшін қабылданған шешімдер туралы баяндады.