Түркістанда салынып жатқан 570 орындық көпбейінді аурухана келер жылы пайдалануға беріледі. Бүгінде нысанның құрылыс жұмыстары 87 пайызы аяқталған. 7 қабатты ғимараттың жалпы аумағы – 83 277 шаршы метр. Облыс орталығына ресми іс-сапармен келген ҚР премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев заманауи нысанның құрылыс алаңына барды. Атқарылып жатқан жұмыстарды бақылап, мердігер компания өкілдерімен жобаға қатысты мәселелер мен жоспарды пысықтады.