Түркістан
EN

Елдегі дүлей дауылдан мыңнан астам адам эвакуацияланды

84
31.03.2022

           Дүлей дауыл Қазақстанда дүрбелең туғызды. Табиғаттың тосын мінезінен 6 адам зардап шегіп отыр. Оның үшеуі бала. Төтеншеліктер жолда қалған мыңға жуық адамды эвакуациялады. Ауа райының әп-сәтте бұлай құбылуына не себеп? Боран салдарынан республика аумағында  жол-көлік оқиғалары да жиілеген. Мәселен, елордада бір тәулікте 125 транспорт құралы соқтығысқан. Дауылды ескертуге байланысты 111 жол учаскесі жабық тұр. Жолдарда төтенше жағдайларды жою мақсатында  жедел штаб құрылып, аймақтық құтқару бөлімшелері боранда қалған 814 адамды эвакуациялады. Сондай ақ, ауа-райының қолайсыздығынан елорда әуежайынан ұшып шығатын 16 рейс тоқтатылып, 28 рейс кешіктіріліп жатыр. 12 жолаушылар пойызы жолда тұралап қалды.