Жол апатынан инкассатор көлігі өртеніп, жүргізуші қаза тапты Оқиға Қарағанды облысында болған. Toyota Camry көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Lada Largus көлігімен соқтығысқан. Салдарынан инкассатор көлігінің 28 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Көлік ішінде 3 миллион теңгеден астам ақша болған. Қаржы көлікпен бірге өртеніп кетті. Ал Toyota Camry көлігінің иесі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Жүргізуші мас күйде болған. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.