Түркістанда қалалық прокуратураның ғимараты ашылды

10
04.12.2025 19:13

Түркістанда қалалық прокуратураның жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Бұл нысан – тек кеңсе емес, заң үстемдігін нығайтуға, қоғамдағы әділдікті қамтамасыз етуге, тұрғындардың өтініштеріне жедел және сапалы жауап беруге арналған заманауи орталық. Ғимарат заманауи техникалармен жабдықталған, ішінде барлық жұмыс істеуге барлық жағдай жасалған. Қызметкерлердің бөлмелері, үлкен жиналыс залы, ас бөлмесі, жаттығу бөлмесі, жабық спорт залы және автотұрағы бар. Заманауи талаптарға сай жабдықталған ғимаратты облыс әкімі жергілікті зиялы қауым өкілдерімен бірге аралап көріп, жылы лебізін білдірді.