Жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен 77 мектеп салынды. Олардың басым бөлігі Алматы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында және Астана қаласында орналасқан. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ведмостваның мәліметінше, мектептерде орын жетіспеушілігі мәселесін шешу мақсатында жаңадан білім беру ұйымдарын салу немесе жаңғырту, оған жапсарлас құрылыс жүргізіліп жатыр. Қор қаражаты есебінен 100 мыңға жуық оқушыға арналған 89 мектептің құрылысы қаржыландырылған.