Ұлттық ұлан жасанды интеллект платформасын енгізу бойынша оқытуды бастады

16
03.12.2025 21:55

Ұлттық ұлан қызметкерлері жасанды интеллект платформасын игеруге кірісті. Олар заманауи технологияны қызметтік процестерге енгізу бағытында арнайы оқудан өтуде. Сабақты «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының мамандары жүргізеді. Оқыту барысында ЖИ аудармашы, жиналысты автоматты жазу жүйесі, және жасанды интеллект агенттерін құру құралдары көрсетілді. Барлық сабақтар ақпараттық қауіпсіздігі жоғары, интернет қолжетімсіз қорғалған ЕТС жүйесінде өткізілді. Мамандардың айтуынша, болашақта бұл технологиялар қызметтік ақпаратты өңдеуді жылдамдатып, әскери бөлімшелердегі жұмыс процестерін оңтайландыруға мүмкіндік бермек.