Алматылық оқушы су тапшылығын шешудің тиімді жолын тапты. 11-сынып оқушысы Дана Қадырбек электр қуатынсыз атмосферадағы ылғалды суға айналдыратын қондырғы жасап шықты. Оның тың жобасы бұған дейін Оңтүстік Кореяда өткен әлемдік олимпиадада жеңіске жетіп, халықаралық сарапшылардың бағасына ие болған еді. Жас өнертапқышпен Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов арнайы кездесіп, бастаманы қолдауға дайын екенін айтты.