Түркістан
EN

23 азаматпен жалған алдын-ала сатып алу-сату шарттары жасалған

55
03.12.2025

Жаңаөзен қаласында «Astana Rich Village» тұрғын үй кешенін салған компанияның заңсыз әрекеттері әшкере болды. «Өзен көлік құрастыру зауыты»  басшылығы екі жыл бойы рұқсат құжаттарынсыз, жобасыз, сараптамасыз құрылыс жүргізіп, пәтерлерді нарықтан төмен бағамен жарнамалап келген. Осылайша 23 азаматпен алдын ала жалған келісімдер жасап, 303 млн теңгеден астам қаржы жинаған. Алайда жиналған қаражат құрылысқа емес, қолма-қол ақшаға айналдырылып, жеке қажеттіліктерге жұмсалған. Үй құрылысы аяқсыз қалған.