Биыл Түркістан облысында 70 жас маман конкурстан өтпей-ақ мемлекеттік қызметке жұмысқа алынған. Сонымен бірге өңірлік кадр резерві де жастармен толығып жатыр. Биыл тағы 30 азамат резервке қабылданып, 2 жас Президенттік кадр резервіне іріктеусіз енген. Солардың ішіндегі 17-сі қазірдің өзінде түрлі мемлекеттік лауазымдарға тағайындалып үлгерген. Кадрлық комиссиясының отырысында облыс әкімі Нұралхан Көшеров конкурстарды уақытында өткізу, және колледж бен университеттің үздік түлектерін конкурссыз жұмысқа қабылдауды күшейту керегін айтты.