Әне міне дегенше, жаңа-жыл есікті қаққалы тұр. Ал биыл Түркістан облысында мерекелік безендіруге бюджеттен бір теңге де бөлінбейді. Әкімдік мәліметінше, облыс орталығы шағын сәулеттік нысандармен және осыған дейін сатып алынған декоративтік әшекейлермен әспеттеледі. Жаңажылдық шыршаны безендіруге қажетті жаңа бұйымдар тек серіктестер мен демеушілердің көмегімен ғана алынады. Бас шырша Әкімшілік-іскерлік орталықта, сондай-ақ Мәдени-рухани орталық пен Жеңіс саябағында бой көтереді. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы да облыс бойынша жаңажылдық шараларға қаражат қарастырылмағанын растады.