Түркістан облысында ауқымды кластер құрылады

19
02.12.2025 15:52

Үкімет Түркістан облысында шитті мақтаны өсіру және оны терең өңдеу өндірісіне инвестиция тарту туралы келісім жасау ұсынысын мақұлдады. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Жоба мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы саласын дамыту және озық агротехнологияларды енгізу бойынша берілген тапсырмаларды жүзеге асыруды көздейді. Ол іске асса  алқапта мақта өсіруден бастап, киім тігуге дейінгі өндірістің толық циклы қалыптасады. Отырар ауданы мен Арыс қаласында 60 мың гектар суармалы жер алаңында Орталық Азиядағы ірі мақта өсіру кешенін құру жоспарланған. Сондай-ақ, 1 мың 400-ден астам тұрақты және 300-дей уақытша жұмыс орны ашылады. Айта кетсем, қазір Қазақстанда жыл сайын 70-75 мың тонна мақта талшығы өндірілсе,  оның 85%-ы  өзге елдерге экспортталады.