ӘКК бойынша жинақталған шығын 7 есе өсіп, 209 млрд теңгеден асқан

20
02.12.2025 15:50

Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларға соңғы 5 жылда мемлекеттік қазынадан 528 млрд теңге бөлінген. Осылайша шығын 7 есе өскен. Жоғары аудиторлық палата жүргізген тексеріс барысында коропорациялардың жұмысындағы кемшіліктер анықталды. Тұрақтандыру қорларын тексеру барысында өнімдердің тиісінше сақталмайтыны, қорда сұранысы төмен тауарлар бары белгілі болды. Мемлекеттік аудит барысында 138 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар, 14,5 млрд теңгенің тиімсіз жоспарланғаны анықталды. Оған қоса 33,6 млрд теңге бюджет қаражаты мен активтер тиімсіз пайдаланылған. Қазір 14 факт бойынша материалдарды құқық қорғау органдарына беру жоспарланып отыр.