Түркістан
EN

Ордабасы ауданындағы «Найман» каналын бетондау жұмыстары толық аяқталды

98
28.11.2025

Түркістан облысында Ордабасы ауданындағы «Найман» каналын бетондау жұмыстары толық аяқталды. «Қазсушар» филиалы жүзеге асырған жоба бойынша «Найман» каналының 17,6 , «Қара ой» су жүйесінің  5,8  және R-1 арнасының  1,7 шақырым жері  бетонмен қапталды. Жыл соңына дейін  олардың бойындағы көпірлер мен су құбырларының құрылысы да аяқталады. Жаңғыртылған гидронысан Ордабасыдағы 2000 гектар суармалы жерді, сондай-ақ аудан орталығы мен Қажымұқан ауылының шаруашылықтарын сумен қамтамасыз етеді. Жоба нәтижесінде бұрын су жетпей келген алқаптар биылдан бастап тіршілік нәрінен тапшылық көрмейді.  Сондай-ақ, бетондау жұмыстары су шығынын айтарлықтай азайтпақ .