Түркістан
EN

Онлайн вакцина: Тұрғындарға жалған ревакцианция хабарламалары келуде

86
31.03.2022

Түркістандықтар 1414 нөмірінен түсініксіз хабарлама алуда.  Алдымен белгілі бір емханаға вакциналауға шақыру келеді. 1 минут өтпей,  ревакцинациядан сәтті өткені туралы смс келген. Бір қызығы олардың ешқайсысы екпе алмағандар. Бас дәрігер орынбасарының айтуынша,  екпе алдырғандар базасына, дәрігерлер журналға толтырған мәліметтің барын салыстырып енгізеді. Осы жайтқа тап болған тұрғындар арнайы емханаға келіп шағымын жазғанда ғана базадағы деректер өзгертіледі. Айта кетерлігі, Түркістан облысында екпенің 1-2 компанентін  осы уақытқа дейін миллионнан аса тұрғын салдырған.  Ал ревакцинацияны 509 921 адам алыпты.