Түркістан
EN

Әдебиеттанушы Ақжол Қалшабек туған жерінде кездесу өткізді

81
27.11.2025

Оңтүстік өңіріне белгілі әдебиеттанушы, ғалым Ақжол Қалшабек туған жерінде кездесу өткізді. Оқырмандармен жүздесу Еңбекші ауылындағы орта мектепте өтті. Оған жиналған көпшілік Ақжол Батырұлының ғылым жолына қалай келгені, осы саладағы түрлі қиындықтар туралы сауалдарын қойды. Қаламгер кіндік қаны тамған жерге құр алақан келмепті. Ол қос бірдей туындысын білім ұясына сыйға тартты. Оның біріншісі «Әуезов һәм Абай» атты кітабы.