Түркістан
EN

Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев ет экспортына шектеуді алып тастауды сұрады

75
27.11.2025

Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев Үкіметтің ет экспортына салынған шектеуді алып тастауды талап етті. Оның айтуынша бұл әрекет ауыл шаруашылығына залалын тигізіп жатыр.   Етті шет мемлекеттердің нарығына шығаруға  бір ғана компанияға берілуі лоббизм белгілерін көрсетеді, ал тыйым фермерлердің табысын төмендетіп, нарықта бей-берекетсіздік  туғызған,-деді ол. Депутат етті қайта өңдеу ісін дамытып, жаңа нарықтарды ашу қажеттігін айтты. Саладағы шешімдерге фермерлерді де қатыстыруды ұсынды.