Түркістан
EN

Түркістан облысында бір отбасынан жеті адам иіс тиіп уланды

58
26.11.2025

Түркістан облысында бір отбасындағы жеті адам пештің ақауынан шыққан иістен уланып қалды. Дәрігерлер дер кезінде көмек көрсеткенінің арқасында науқастар жылдам ес жиды. Қазір олар үйлерінде. Оқиға Сарыағаш ауданына қарасты Ақжар ауылында болған. ТЖ қызметінің мәліметінше, пешке тасталған заттар мен көмір түтіні үйге тарап, үй ішіндегі барлық жан  уланған. Зардап шеккен жеті адамның бесеуі  бала. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін үй иесі әкімшілік  жауапқа тартылды.