Ақтөбе облысында мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдағандар ұсталды. Жүк көліктерінің жүргізушілері 60 тонна мұнайды шетелге шығарып, саудаламақ болған. Тексеру барысында тұрғын үйлер мен тағы бір кәсіпорыннан 400 тонна мұнай өнімі табылды. Сондай-ақ атыс және газ қарулары, заңға қайшы операцияларды растайтын құжаттар тәркіленген. Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, контрабандамен айналысқан өзге де компаниялар тексеріліп жатыр. Алдын ала деректер бойынша кәсіпорын нарықтағы бағасы шамамен 8 млрд теңге болатын 30 мың тоннадан астам жанармайды экспорттаған.