Түркістанда жұмысқа орналастыруға бөлінген бюджет қаржысын жымқыру дерегі бойынша сот үкімі шықты. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, «Еңбек мобильділігі орталығының» бұрынғы басшылығы мен кәсіпкерлер 78 адамды жалған жұмысқа орналастырып, 49 миллион теңгеден астам қаржыны қалтаға басқан. Сот ұйымдастырушыларды 4 жарым жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырды. Ал екі кәсіпкердің бостандығы 4 жыл 6 айға шектелді. Айта кетейік, келтірілген шығын толық өтелген.