Түркістан
EN

Түркістан облысында 65 шақырымға жуық ирригациялық канал тазаланып жатыр

33
26.11.2025

Жетісай ауданында ирригациялық каналдарды механикалық әдіспен тазарту жұмыстары жүріп жатыр.  Бұл келер жылы егістікке ағын суды жеткілікті мөлшерде және уақытылы жеткізуге мүмкіндік береді.  Бүгінге дейін ұзындығы 65 шақырым болатын канал арналарының жартысына жуығы тазартылыпты. Жұмысқа 10-нан астам арнайы техника жұмылдырылған.  Тазарту барысын Су ресурстары және ирригация министрлігінің мамандары бақылауда. Жауаптылардың айтуынша, енді  жұмысшылар арнаны бетондау ісіне кіріседі.