Түркістан
EN

Шетелдік инвесторларға Түркістанның мәдени мұрасын таныстырды

2
26.11.2025

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров халықаралық инвестициялық форумға келген шетелдік инвесторларға өңірдің тарихи-мәдени нысандарын таныстырды. Делегация сапары қазақ руханиятының алтын қазығы саналатын Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен басталды. Меймандар киелі шаһардың тарихымен кеңінен танысып, өңірдің туристік әлеуетіне жоғары баға берді. Сонымен қатар, «Этноауыл» кешеніне барып, ұлттық дәстүрлер мен халықтық өнердің ерекшеліктерін тамашалап, қолөнер шеберлерінің жұмыстарын көрді. Айта кетейік, Түркістанда өткен халықаралық инвестициялық форумға әлемдік компаниялардың өкілдері қатысты. Іс-шара барысында облыстың экономикалық дамуына серпін беретін бірқатар жоба бойынша ынтымақтастық меморандумдары жасалып, оларды жүзеге асыру жолдары талқыланған болатын.