Түркістан
EN

Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу бойынша келіссөздер жалғасын тапты

2
26.11.2025

Түркістанда өтіп жатқан халықаралық инвестициялық форум аясында облыс әкімі Нұралхан Көшеров Қытайдың ірі компания өкілдерімен келіссөз жүргізді. Инвесторларға өңірдің экономикалық әлеуеті, инфрақұрылым мүмкіндіктері және өндіріс ашуға жасалған жеңілдіктер таныстырылды. Кездесуде күн және су электр станцияларын салу, көлік-логистика, құрылыс, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мен туризм бағыттары бойынша нақты ұсыныстар айтылды. Шетелдік компаниялар дайын жобаларға қаржы салуға дайын екенін жеткізді. Облыста 2025–2028 жылдары жүзеге асатын 111 инвестжоба пулы қалыптасқан. Биылдың өзінде 58 жоба басталып, 8 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылады. 10 айда өңірге 1,1 трлн теңгеден астам инвестиция тартылған.