«Нұр-Мұқасан» тобының бұрынғы әншісі Мұқасан Шахзадаевтің үстінен адамды ұрып-соғуға қатысты қылмыстық іс қозғалды. 22 қараша күні Алматы қаласы Наурызбай аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын Мұқасан Шахзадаев пен өзге де тұлғалардың оны аяусыз ұрып-соққанын айтып, арызданған. Қазір тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеуді бастады. Қылмыстық іс қозғалды.