Түркістан
EN

Түркістандағы мұнай базасында өрт шықты

85
25.11.2025

Түркістан қаласындағы мұнай базасында өрт шықты. Әлеуметтік желіге тараған бейнежазбада жалынның төңіректі лезде шарпығаны байқалады. Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметі дереу жетіп, қызыл жалынды сөндіріп үлгерді. Өрттің әзірге нақты неден шыққан белгісіз. Қазір оны мамандар анықтап жатыр. Министрлік өкілдері оқиға орнынан видео жариялап, қазақстандықтарға тағы бір мәрте өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады.