Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Хань Чуньлиньмен ресми кездесу өткізді. Бүгінде өңірде қытай инвесторларымен бірге текстиль кластерін құру, желатин және май компоненттерін өндіру зауыты, көкөніс кептіру және қайта өңдеу кәсіпорнын іске қосу және бейнебақылау камераларын шығару және мата мен джинс маталарын өндіру жобаларын жүзеге асыру ісі қолға алынған. Нұралхан Көшеров инвесторлар үшін Түркістан облысында қолайлы жағдай жасалғанын атап өтіп, өңірде жалпы аумағы 2 мың 397 гектарды болатын индустриалды аймақтар мен 4 мың 414 гектар жерді алып жатқан «Turan» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істейтінін айтты.