Түркістан
EN

Дарбаза–Мақтаарал желісі 2026 жылы аяқталады

52
25.11.2025

Елімізде 2030 жылға дейін 5 трансшекаралық хаб ашылады. Ол көлік-логистикалық әлеуетті дамыту тұжырымдамасы аясында іске асады. Бүгінде барлық бес трансшекаралық хаб бойынша басқарушы компаниялар мен олардың жұмыс істеу шарттары айқындалған. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бүгін үкімет отырысында айтты. министрдің баяндауынша, қазір белгіленген аймақтарда жол, электр энергиясы, сумен жабдықтау сынды негізгі инфрақұрылыммен қамту жұмыстары жүріп жатыр. Алғашқылардың бірі болып, Өзбекстан шекарасындағы орталық пайдалануға беріледі. Дарбаза–Мақтаарал теміржол құрылысы 2026 жылы толық аяқталады. Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді. Ұзындығы 152 шақырым болатын жоба Түркістан облысының бес ауданын – Сарыағаш, Келес, Шардара, Жетісай және Мақтааралдың  аумағын көктей өтеді.  Теміржол желісі Өзбекстанға жалғасып, шетелге тауар тасымалын жылдамдатуға мүмкіндік береді. Құны 286 млрд теңге болатын құрылыс  келер жылдың желтоқсанында аяқталады. Ол кезде 550 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Еліміздің логистикалық әлеуетін арттыратын бұл бастама Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асып, елдің көлік-транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған.