Түркістан
EN

Қазақстанда 2030 жылға дейін 5 трансшекаралық хаб ашылады

19
25.11.2025

Елімізде 2030 жылға дейін 5 трансшекаралық хаб ашылады. Ол көлік-логистикалық әлеуетті дамыту тұжырымдамасы аясында іске асады. Бүгінде барлық бес трансшекаралық хаб бойынша басқарушы компаниялар мен олардың жұмыс істеу шарттары айқындалған. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бүгін үкімет отырысында айтты. министрдің баяндауынша, қазір белгіленген аймақтарда жол, электр энергиясы, сумен жабдықтау сынды негізгі инфрақұрылыммен қамту жұмыстары жүріп жатыр. Алғашқылардың бірі болып, Өзбекстан шекарасындағы орталық пайдалануға беріледі.