Түркістан
EN

Түркістан облысында жоқ малды тіркеп, субсидияға бөлінген қаржыны жымқырғандар сотталды

64
24.11.2025

Түркістан облысында жоқ малды тіркеп, субсидияға бөлінген қаржыны жымқырғандар сотталды. Тергеу барысында аудандық ветеринария қызметінің 4 маманы ауыл тұрғынымен бірге сөз байласқаны анықталды. Сосын шаруа қожалықтарының аттарына қорда жоқ 100 мыңның шамасындағы ұсақ малдың деректерін  ақпараттық жүйеге заңсыз тіркеген. Осылайша 271 млн теңге субсидияны жымқырып, өзара бөлісіп алған. Түркістан қаласының сотымен осы істі ұйымдастырған 5 азаматтің кінәлары дәлелденіп,  4 күдікті 5 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Бір адамға бас бостандығын шектеу жазасы белгіленіп,  сот рақымшылық актісін қолданып істі тоқтатты.