Түркістан
EN

Сенбілік өтті

41
24.11.2025

Сарыағашта сенбілік өтіп, тазалық жұмыстарына үш мыңнан аса адам қатысты. Олардың арасында бірі тырма, бірі күрек, қап ұстаған зиялы қауым өкілдері мен студенттер де бар. «Айырылмас» этно-мәдени саябағына 11 мыңға жуық көшет егіліп, бей-берекет тасталған күл-қоқыстар тазартылған. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы аудан тұрғындарының эко-мәдениетін айтарлықтай арттырған көрінеді. Аумақ күн өткен сайын көгалданып, көшелер мен саябақтар, арықтар мен демалыс орындарын қоқыстан тазарып келді.