Абай облысында қағаз жүзінде «тұтыну кооперативі» болып құрылып, қаржы пирамидасымен айнаылсқан топтың әрекеті әшкере болды. Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, ұйымдастырушылар жұртты «HALYK QUATY» кооперативіне қосылуға үгіттеп, тұрғын үй мен автокөлікті үстеме пайызсыз, бөліп төлеу арқылы ала аласыз деп сендірген. Ол үшін азаматтардан пай ретінде жарна жинаған. Алаяқтар әлеуметтік желілер арқылы өз қызметін жарнамалап, «Әр отбасыға бақыт!» деген ұранды пайдаланған. Құзырлы органның дерегінше, 1,5 мыңнан аса адам пирамиданың арбауына түсіп, жалпы соммасы 6,8 млрд теңге қаржы жиып берген. Қазір топтың ұйымдастырушы қамауға алынды.