Түркістан облысында өртке қарсы қауіпсіздік шаралары күшейтіле түсті

27
21.11.2025 17:15

 Түркістан облысында өртке қарсы қауіпсіздікті сақтау жұмыстары күшейтілді.  Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары өңірдегі 350 мыңнан астам тұрғын үйдің 140 мыңға жуығын жеке-жеке аралап, рейд жасап үлгерген. Өзекті мәселе облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте айтылды. Жиында аймақ басшысы жауапты мамандарға қалған 200 мыңнан астам тұрғын үйдің қауіпсіздігін толық назарға алу үшін 1 ай уақыт берді.