Астана қаласының базарында ешқандай тексеруден өтпеген, ветеринариялық рұқсат құжаттарынсыз ет сатылған. Полиция қызметкерлері барлық заңсыз өнімді тәркілеп, қылмыстық іс қозғады. Polisia.kz ақпаратына сүйенсек, 41 жастағы ер адам сатушыларға заңды айналып өтуге көмектескен. Ол сыйақы үшін ет құжаттарына ешбір сараптамасыз мөр қойып отырыпты. Осылайша тексерістен өтепеген өнімді уәкілетті органдардың рұқсатынсыз және ветеринарлық ілеспе құжаттарсыз сатуға мүмкіндік жасаған. Полиция оның жалған мөрін тәркілеп қылмыстық іс қозғады. Сондай-ақ базар әкімшілігіне заң бұзушылықтардың алдын алу үшін шаралар қабылдау туралы нұсқама берді. Құзырлы орган тұрғындарға ет сатып алу кезінде қауіпті және сапасыз өнімдерден қорғану үшін ветеринарлық құжаттарды мұқият тексеруді еске салады.