Іштен пневмония болып туған нәресте төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағымен Тараз қаласына жеткізілді. Мойынқұм ауылынан шыққан EC-145 бортында сәбидің анасымен бірге шұғыл медициналық көмек көрсету үшін авиацияның екі дәрігері болды. Ал Тараздан науқасты мамандандырылған медициналық мекеменің ақ халаттылары күтіп алды. Қазір тиісті ем шаралары жүргізілуде.