Түркістан
EN

Ел бойынша тұмауға байланысты 132 мектеп қашықтан оқиды

82
20.11.2025

Қазақстанның жеті өңірінде 132 мектептің оқушылары  қашықтан оқуға көшті. Басты себеп балалар арасындағы тұмаудың өршуі. Cырқатқа шалдыққандардың ең көбі  Жамбыл мен Абай облыстарында. Сондай-ақ Астана, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Қостанай облыстарында да онлайн оқу енгізілді. Бас мемлекеттік санитар дәрігер Сархат Бейсенованың айтуынша, бір сыныптағы оқушылардың 20 пайызы ауырып қалса — ол сынып аудиторияда оқуды тоқтатады, ал 30 пайызы ауырған жағдайда сабақ толық онлайн форматқа ауысады. Қазір санитарлық жағдай жіті бақылауда. Айта кетейік, елімізде тұмаумен ауырғандар саны 1,5 миллионға жетті.