Мұғалімдерге арналған «Ustazga AI» жобасы іске қосылды. Бұл ұстаздарды жасанды интеллектіні тиімді қолдануға үйретеді. Алдымен педагогтер тегін онлайн курстан өтіп, үздік шыққан 400 оқытушы «Мұғалім AMANAT» педагогикалық хакатонына қатысады. Хакатон қорытындысында таңдалған 20 мұғалім келесі жылы Оңтүстік Кореяда өтетін 7 күн бойына халықаралық тағылымдамадан өтіп, біліктілігін артыратын болады. Жалпы жоба аясында мұғалімдер оқу жоспарын құруды, оқушылар білімін бағалау, сараланған тапсырмалар дайындау, талдау жүргізу сияқты күнделікті жұмысын жеңілдетуге арналған жасанды интеллект құралдарын меңгереді.