ҚМА-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті білім беру саласында бюджет қаржысын жымқыру дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Тексеру барысында «Батыс Қазақстан индустриалдық колледжі» директоры оқу процесіне мүлде қатыспаған 54 адамды студент ретінде тіркегені анықталған. Соған қарамастан, олар «белсенді білім алушы» ретінде көрсетіліп, табельдер мен үлгерім құжаттары рәсімделген, тіпті кей жағдайларда үстемеақымен бірге шәкіртақы да тағайындалған. Күмәнді істің мән-жайын анықтау мақсатында тергеу жалғасуда.